СҚО әкімі өңірдегі ауылдардың көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді. Ол Тайынша, Аққайың және Уәлиханов аудандарында болды. Атамыш аудандарға қызыл судан келетін қауіп жоғары болмаса да, жағдайға бейжай қарауға болмайды, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыс басшысы аудандардағы жауапты органдардың және аудан әкімдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді. Елді-мекендер Есіл өзенінен шалғайда орналасса да, тілсіз жау айтып келмейді.

Мысалы, Аққайың ауданындағы 12 елді мекен бақылауға алынды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары әзірленіпті. Құрал-жабдықтардың жедел әрекетке дайындығы тексерілді. АуданғаҮлкен Тараңғұл көлінен қауіп төнеді.  Одан су тасқыны қаупін азайту үшін жалпы ұзындығы 11,2 км болатын қорғаныс күшейтілді. Қосымша 2,7 км-ге дейін кеңейтілді. Жалпы Аққайың ауданында ұзындығы 34,4 км болатын 15 қорғаныс бөгеті бар. Олардың жағдайы тексеріліп, күшейту жұмыстары жүргізілді.  

Тайынша қаласын қорғау үшін ұзындығы 3 км, биіктігі 1,5 м болатын дамба салынды.  75 су өткізгіш құбыр жұмыс істеп тұр. Арықтар мен су өткізгіш құбырлар қар мен мұздан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл ауданда да 12 ауыл бақылауда. 
Ал, Уәлиханов ауданында қорғаныс бөгеттері Құлықкөл және Қаратал ауылдарында 11 км-ге дейін күшейтілді. Көбенсай ауылына кіреберіс автожолындағы су көтергіш плотина нығайтылды. Наурыз айында Сілеті өзенінің үш учаскесінде жарылыс жұмыстары жоспарланған.

СҚО әкімі аудандардың су тасқынына дайындықтарын пысықтады
СҚО әкімі аудандардың су тасқынына дайындықтарын пысықтады

«Бұл аудандарда су тасқыны қаупі орташа деңгейде болғанымен, бей-жай қарауға болмайды — негізгі қауіп көктемгі су тасқынынан туындауы мүмкін. Барлық қажетті шараларды уақытында қабылдау керек. Қар мен суағар жүйелерін тазалау жұмыстарын күшейту қажет»,- деді облыс әкімі. 

Тағы оқыңыз: «Қуаныш» ВК қарсыласын ойсырата жеңді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *