Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, Қазақстанда шикі сүттің орташа бағасы литріне шамамен 220 теңге. Бұл көрсеткіш дайын сүт өнімдерінің бағасын қалыптастырудағы негізгі фактор болып отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Сондай-ақ өнім құнына энергия, қаптама, тасымал, сақтау, жалақы, салық сияқты қосымша шығындар да әсер етеді.

Қазіргі таңда еліміздегі кәсіпорындар жылына 2 млн тоннадан астам сүт өңдейді. Үкіметтің пікірінше, бұл көлем халықтың негізгі сүт өнімдеріне деген сұранысын толық қамтамасыз етеді.

Елде жалпы қуаты 2,7 млн тонна болатын 182 сүт өңдеу зауыты жұмыс істейді. Олардың орташа жүктемесі – 82%.

Өндіріс көлемі:

  • өңделген сүт – 631,6 мың тонна

  • сары май – 32,8 мың тонна

  • қышқыл сүт өнімдері – 238 мың тонна

  • ірімшік пен сүзбе – 48,2 мың тонна

Дегенмен, ірімшік пен сүзбе бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр. Үкімет бұл тәуелділікті азайту үшін өндірістік қуаттарды арттыруға, шикізат базасын дамытуға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған қолдау шараларын жалғастырады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда толықметражды комедия түсіріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *