Петропавлда «CINEMA COMPANY 28» продюсерлік орталығы жаңа жылдық тақырыптағы толықметражды лирикалық комедияны түсірмекші. Олар дайындық жұмыстарын бастады, деп жазады Qazaqstan Media.
Қазіргі кезде Петропавлға продюсерлік орталық өкілдері келді. Киноның бас продюсер әрі қоюшы режиссёрі Назгүл Қарабалина, екінші режиссёр -Айдана Жарқынбекқызы. Кастинг-директор- Серікбай Жансерік.
Фильмнің шығармашылық тобы Петропавл қаласын негізгі түсірілім орындарының бірі ретінде қарастыруда.
«Аталған жоба отандық киноиндустрияны дамытуға бағытталған және жаңа жылдық мерекелік көңіл күйді көрерменге жеткізуді мақсат етеді»,-деп хабарлады обылстық мәдениет басқармасы.
Тағы оқыңыз: 13 қаңтар — Халықаралық депрессиямен күрес күні

