Тайынша ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңғыртудан өтті.Аудан үшін маңызды нысан 40 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ауқымды жөндеу жұмыстарынан кейін нысан адам танымастай өзгерген. Ресепшен, құжаттарды беру, экспресс және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары мен қабылдау пункті заманауи жабдықтармен жарақталды. Аудан үшін маңызды нысан 40 мыңға жуық адамды қабылдай алады.

«Біздің басты мақсатымыз — мемлекеттік қызметтерді халық үшін қолжетімді әрі ыңғайлы ету. Аудандардағы филиалдарымыз облыс орталығындағы нысандардан еш кем түспеуі тиіс. Цифрлық кеңселердің барлығы бірдей заманауи стандарттарға сай болуы керек. Биыл аймақта бұдан бөлек, тағы екі орталық қайта жаңғыртылды. Олар Айыртау және Есіл ауданында орналасқан», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ СҚОФ төрағасы Еркін Жұмабай.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 280 орынға шақталған балабақша ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *