СҚО-да биыл 332 мың шаршы метр тұрғын пайдалануға берілуі керек. Қазіргі таңда жоспардың 60 пайызы орындалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, биылғы жоспар бойынша 332 мың шаршы метр тұрғын үйдің 194 мыңы пайдалануға берілген. 1 007 пәтерлік жаңа 15 тұрғын үй салынды.
«Сонымен қатар, өңірде цифрлық инфрақұрылым дамуда. Президенттің тапсырмалары аясында энергетика және ТҮКШ саласын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, биыл Тайынша қаласында 4,5 км жылу желісін модернизациялау жұмыстары аяқталуға жақын. Жобаның құны – 730 млн теңге», — деді СҚО әкімі.
Өңірде жылыту маусымына ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Жеке жеке айта кетсек, 1,5 мың км электр желісі жөнделді,13 км жылу желісі жаңартылды. Сонымен қатар, бес шақырым су құбыры желісі жаңғыртылды. Петропавл ЖЭО‑2-де №1 мұржасының құрылысы аяқталды.
«Биыл өңірде су құбыры жүйесін дамытуға рекордтық 74 млрд теңге бағытталды. Бұл көрсеткіш өткен үш жылдық кезеңмен салыстырғанда 2 есеге жоғары. Айта кету керек, оның 45 млрд теңгесі қайтарылған активтер есебінен жұмсалды», – деді облыс әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Тағы оқыңыз: Өңір спортшылары гір спортынан өткен әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті

