Жекеменшікке өткен «Қызылжар» ФК-да оң өзгерістер орын алуда. Командаға жаңа бас менеджер келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Әлішер Ерболатұлы Қазақстандағы және шетелдегі бірнеше футбол клубында жұмыс істеген. 2025 жылы ол «Тобыл» футбол клубында қызмет етті. Команда биыл Қазақстан кубогын жеңіп, Премьер-лигада үшінші орын алды.
Оған дейін 2022-2024 жылдар аралығында «Атырау» футбол клубында табысты еңбек етті. Аталған кезеңде клуб тұрақты дамуға бағытталған жобаларды жүзеге асырды. Бұған қоса, маман «Қайрат» футбол клубының жүйесінде де қызмет атқарды.
Сонымен қатар Әлішер Ерболатұлының шетелдік тәжірибесі де бар. Ол Англия Премьер-Лигасында ойнаған «Кардифф Сити» клубының құрамында болған. Мұндай тәжірибелі маманның жергілікті клубтың толағай табысқа жетуіне септесері сөзсіз.
Тағы оқыңыз: СҚО кәсіпкерлері су қорғау аймақтарын рәсімдеу мәселесін шұғыл шешуді талап етті

