Жамбыл ауданының жол желісінің ұзындығы 425 шақырымды құрайды. Үш жылдың ішінде оның 100 шақырымы жөндеу көрген. Орталықтандырылған сумен тұрғындарының 87 пайызы қамтылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жамбыл ауданының жол желісінің ұзындығы 425 шақырымды құрайды. Оның 80 пайызы — қанағаттанарлық жағдайда. Аудан әкімі Азамат Бектасовтың сөзінше, ауданда бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылған.
«Ауданда соңғы үш жылдың ішінде 100 шақырым жол жөнделді. Маңызды іске 2,9 млрд теңге жұмсалды. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы 300 млн теңгеге үш ауылдың ішкі жолдары жөндеу көрді», деді Азамат Бектасов.
Жамбыл ауданында халықты таза ауыз сумен қамтуға ерекше көңіл бөлінген. 42 ауыл орталықтандырылған тіршілік көзімен қамтылған. Биыл 100 млн теңгеге жуық қаржыға су беру нысандары салынған.
«Атқарылған жұмыстардың арқасында тұрғындарымыздың 96 пайызы таза ауыз сумен қамтылды. Ендігі жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді», — деді аудан әкімі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте рекорд орнатып отыр

