Петропавлға аса ірі көлемде есірткі жеткізді деген күдікке ілінген елорданың 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Оны полицейлер өзінің көлігімен кетіп бара жатқан жерінен қолға түсірді, деп жазады Qazaqstan Media.
«Kia Cerato» автокөлігінің жүк салғышынан төрт түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама олардың жалпы салмағы 608 грамнан асатын синтетикалық есірткі — α-PvP және «мефедрон» екенін анықтады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Жыл басынан бері өңірде полицейлер 120 есірткі өткізу фактісін тоқтатып, заңсыз айналымнан бес килограмға жуық синтетикалық психотроптық затты тәркіледі.
Тағы оқыңыз: Бірінші қалалық емхананың жас мамандарына 1 млн теңге көтермеақы берілді

