Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Арқалық арқылы өтетін Жезқазған — Петропавл» автожолының екі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның біріншісінің ұзындығы 27,7 шақырымды құрайды. Екіншісі- 39,3 шақырым, деп жазады Qazaqstan Media.

Жөндеу жұмыстары барысында 67 шақырымдық жолдың негізі жаңа инертті материалдар мен цементті қоса отырып суық ресайклинг әдісі арқылы жаңартылды. Сонымен қатар, екі қабатты асфальтбетон жабыны төселіп, жол жиегі нығайтылды. Шығу бөліктерінде жол төсемдері салынды, автопавильондар да ауыстырылып, сапасы арттырылды. Құрылыс жұмыстары барысында 13 жаңа су өткізу құбыры орнатылды.

«Жолдың жөндеуден өтуі көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, жол сапасын ұзақ уақытқа қамтамасыз етеді. Бұл өңірде көлік қатынасының жеңілдеуі мен жолдағы жайлылық деңгейінің артуына елеулі үлес қосады»-дейді мамандар.

Тағы оқыңыз: Петропавлда кешкі медициналық курстарға 160 адам қатысып жүр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *