Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов коммуналдық және жол қызметтерінің, энергетикалық және авариялық-құтқару бөлімшелерінің алдағы қысқа дайындығын тексерді. Алдағы қыста қар шығару кезінде жасанды интелект қолданылатын болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Жалпы облыс бойынша қыс уақытына деп 232 жылыту пункті қарастырылған. Қар тазалау жұмыстарына 999 арнайы техника және 1 863 қызметкер жұмылдырылады. Облыс әкіміне есеп берген жауапты мамандар қажетті отын, реагенттер мен инертті материалдардың қоры бар, деп отыр.

СҚО әкімі жауапты органдардың қысқа дайындығын тексерді
СҚО әкімі жауапты органдардың қысқа дайындығын тексерді

«Басты міндетіміз — халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қысқы кезеңде барлық салалардың тұрақты қызметін ұйымдастыру болып табылады. Бұл ретте жауаптыларға бірқатар тапсырмалар бердім.»,- атап өтті өңір басшысы.

Петропавл қаласына келсек, шаһар аумағы 8 секторға бөлінді. Қар тазалау және шығару жұмыстарына барлығы 170 техника жұмылдырылады. Биыл бұл жұмыстар толық цифрландырылмақ.

«Қазіргі уақытта арнайы ЖИ (жасанды интеллект) бағдарламасы әзірленіп жатыр, ол шамамен 10–15 күннің ішінде дайын болады.
Әр техникаға GPS-навигаторлар орнатылады және олар бағдарламаға қосылады. Сонымен қатар, камералар қойылады. Осылайша біз техниканың нақты қай жерде жұмыс істеп жүргенін, қанша қар шығарғанын онлайн режимде бақылай аламыз»,- дейді қала әкімі.

Бұрын қар полигонында қабылдауды адам жүргізетін болса, енді бұл процесті ЖИ жүйесі атқарады. Бұл тәсіл нақты және ашық есеп жүргізуге мүмкіндік береді.

Жалпы қала қысқы маусымға толық дайын. Мердігер ұйымдар жаңа техника сатып алды. Конституция көшесін тазалау жұмыстарын тек жаңа техника атқарады. Ал 9-шы компания «Коммунхоз» тек саябақтар мен скверлерді тазалаумен айналысады.

Тағы оқыңыз: Республика күнінде Петропавлда мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *