Алдағы уақытта Петропавлдан Түркия мен Тайландқа тікелей қатынасуға мүмкіндік туады. «Қызыл-Жар» халықаралық әуежайы арқылы  қазіргі кезде Шарм-эль-Шейхқа чартерлік рейс ашық, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавлдағы халықаралық әуежай үш жылдан бері сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Бүгінгі күні 100 адам еңбек етіп жатыр. Жыл басынан инвестор бір миллиард теңге өз қаржысын құйған.

«Негізгі сертификаттық шектеулер алынып тасталды. Түнгі рейстерге рұқсат бар. Бұл әуежайға үлкен мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Астана, Алматы, Шымкентке әуе рейстері бар. Сонымен қатар, Шарм-эль-Шейхқа чартерлік рейс ашылды. Алдағы уақытта Түркия, Тайландқа және басқада елдерге рейстер ашу жоспарланып отыр»- деді  СҚО жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ерден Шортыбаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізілуде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *