СҚО-да бюджет қаржысын жымқырған депутат қамауға алынды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен облыстық мәслихат депутаты, Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК директоры Павел Булаев ұсталды. Оған бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментіндегілер растап отыр. Қазір бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отырған 50 жастағы Павел Булаев қамауға алынған. Ол бірнеше жылдан бері Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК басқарып келеді. Ал былтыр наурыз айында «Ақ жол» ҚДП атынан сайлауға түсіп,  депутат атанған болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Тимирязев ауданы білім бөлімінің басшысы 1,2 млн теңге мөлшерінде пара алған болатын. Ал оның қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде жауап алуға қатысып, кейін өз-өзіне қол жұмсады.

 Тағы оқыңыз: Петропавл қалалық әкімдігі жолаушыларды тасымалдайтын мердігер компанияларға қарыз

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x