СҚО-да 14 жасар қыз суға батып кетті

СҚО-да 14 жасар қыз суға батып кетті. Қайғылы оқиға Жамбыл ауданы Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

19 мамыр күні Жамбыл ауданының полиция бөліміне Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жасар жиенінің жоғалып кеткендігі жайында хабарлама келіп түседі. Жасөспірім таңертең үйден шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Тәртіп сақшылары бірден 8 сынып оқушысын іздестіруге кіріседі. Оларға жергілікті педагогтар мен тұрғындар да көмекке келген.

СҚО-да 14 жасар қыз суға батып кетті

 

«20 мамыр күні жоғалған қыздың денесі Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан шұңқыр суынан табылды. Аталған факт ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқушының нақты неден көз жұмғандығы анықталады. Істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады», – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Өңірде 657,8 мың га жерге дән себілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x