Айыртау ауданындағы Имантау көлінде әйел адам құтқарылды. Көлде моторлы қайық аударылып, салдарынан әйел суға құлап кеткен, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға көлде жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында болған. Құтқарушылар суға құлаған әйелге жедел көмек көрсетіп, оны жағаға аман-есен жеткізді. Белгілі болғандай, зардап шегуші құтқару кеудешесін киген. Соның арқасында ол құтқарушылар келгенге дейін су бетінде қауіпсіз қалып, ауыр зардаптан аман қалған. Әйелге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, қайықпен серуендеу кезінде міндетті түрде құтқару кеудешесін киюді ескертеді.
Тағы оқыңыз: Аққайың ауданы Смирново ауылында жаңғыртылған өрт сөндіру бөлімін ашылды

