Петропавл ЖЭО-дағы мұржа іргетасына дейін толығымен бөлшектелетін болды

Тамыз айынан бері құрылысы тоқтап тұрған Петропавл ЖЭО-дағы мұржа іргетасына дейін бұзылатын болды. Сәуір айына дейін мамандар құбырды бөлшектеу жұмыстарын жүргізбек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылдың тамыз айында ақау анықталғаннан бері мұржаның құрылысы тоқтатылған. Содан мердігер компания өкілдері құбырды бөлшектеуге кіріскен болатын. Бірақ оның нақты қанша метрге дейін бұзылатыны белгісіз еді. Барлық есептерді жүргізген жоба авторы, «Севказэнергопром» ЖШС ресми қорытындысын жариялады. Оған сай, осы уақытқа дейін қаланған құбырды іргетасына дейін толығымен бөлшектеу қажет.

«Жобалау институтының  қорытындысын  негізге ала отырып,  2024 жылдың 1 наурызына дейін түтін мұржасының орнатылған бөлігін  бөлшектеуді аяқтаймыз,  кейін «ТеплоХимМонтаж»  АҚ қосалқы  мердігермен бірлесіп 1 сәуірден бастап +5 градус орташа ауа температурасы  орнатылған кезде қосалқы мердігердің технологиясын пайдалана отырып,   құрылыс жұмыстарына кірісеміз.  Құрылыс мерзімі, сондай-ақ  жоба сомасы өзгеріссіз қалады», — деп баяндады «Казтеплоспецстрой» ЖШС бас директоры  Константин Бигожин.  

Естеріңізге сала кетейік, құрылысқа «Қазтеплоспецстрой» ЖШС жауапты. Осы уақытқа дейін олар 180 метрлік құбырдың 30 метрден астамын салып үлгерген еді. Ал жаңа түтін мұржасы 2024 жылы іске қосылуы тиіс болатын.

Петропавл ЖЭО-дағы мұржа іргетасына дейін толығымен бөлшектелетін болды
Петропавл ЖЭО-дағы мұржа іргетасына дейін толығымен бөлшектелетін болды

Тағы оқыңыз: Жерлесіміз Ризабек Айтмұханға ақтөбелік кәсіпкерлер бір үйір жылқы сыйлады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x