СҚО-да өткен жылы экологтар 11 млн теңгеге жуық айыппұл салған

Солтүстік Қазақстан облысының  экологтары өткен жылы  15 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 22 заңбұзушылық анықталды. Ведомствоның мәліметінше, 15 тексерістің 12-сі арыз-шағымға байланысты жоспардан тыс жүргізілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Анықталған олқылықтарды жоюға 21 ұсыным берілген. Жалпы сомасы 10 млн 901 мың теңгеге 26 әкімшілік айыппұл салынған. Оның тек біреуі ғана сот орындаушыларының көмегімен мәжбүрлі түрде өндіріліп алынды.

«Бұдан бөлек, алдын ала бекітілген кесте бойынша 220 субъектіні бармай-ақ тексеру жоспарланды. Ол профилактикалық сипатта жүргізілді. Нәтижесінде экологиялық заңнаманы бұзудың 95 дерегі анықталды. Заңбұзушыларға ақпараттық хат жолданып, субъектілер оны жою бойынша тиісті шаралар жоспарын бекітті», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Департамент тағы үш жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмысын тоқтату бойынша сотқа жүгінген. «Агро-Елецское» ЖШС мемлекеттік экологиялық сараптаманың тиісті оң қорытындысын алмай суару жүйесін салып, пайдаланбақ болған. Облыстық  мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің талап-арызын қанағаттандырыпты. Дәл осындай себеппен енді «Кирпич СК» ЖШС де жаңа жабдықты пайдалануды тоқтата тұрады. Ал «Сана-Торг» ЖШС-нің асфальт-бетон зауытының жұмысы соттың қаулысымен әкімшілік іс жүргізу тәртібімен 1 жылға тоқтатылды. Алайда талап-арыз қайтарып алынды.

Тағы оқыңыз:Петропавл ЖЭО-дағы мұржа іргетасына дейін бөлшектелетін болды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x