СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны өсіп барады

Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиялық маусым басталғалы жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырудың 48568 жағдайы анықталды. Сонымен қатар А типті тұмаудың 1 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай мәз емес. Бүгіндері ЖРВИ жұқтырғандар саны артып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникацялар орталығында өткен брифингте айтылды.

Соңғы 1 аптада өңірде ЖРВИ-мен 2511 адам ауырған. Әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында вирустық инфекция жұқтырғандар көп. Ол 1456 жағдай немесе 58%. Былтыр қараша айында H3N2 типті А тұмауының 1 жағдайы тіркелді. Биыл әзірге тұмаумен сырқаттанғандар жоқ.

«Облыста халықтың 11% тұмауға қарсы вакцинацияланды. Бізде ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасының 60 000 дозасы сатып алынған болатын. Екпе алғандарды басым бөлігі медицина қызметкерлері – 8794 адам,  4479 оқушы, 555 жүкті әйел, 23202 созылмалы ауруы бар адам. Оған қоса қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындары, сәбилер үйі де бар», – деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өткен жылы экологтар 11 млн теңгеге жуық айыппұл салған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x