СҚО-да 2024 жылдың алғашқы 8 күнінде 13 адам қызылша жұқтырған

Өңірде қызылшаға байланысты ахуал әлі де тұрақсыз. Тұрғындар ауруға қарсы вакцина салдыруға асықпай отыр. Мұндай жағдай әсіресе, балалар арасында жиі кездеседі. Бүгінде қызылша жұқтырды деген күдікпен стационарда жатқан 23 баланың тек екеуіне ғана екпе қойылыпты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілішісі.

2023 жылдан бастап облыста 254 адамнан қызылша анықталған. Биыл сегіз күннің ішінде 13 жағдай тіркелді. Әсіресе, 15 жастан асқан ересектер арасында қызылша жұқтыру фактілері көп, 64% құрайды. Ал балалар арасында 1 мен 4 жастағы бүлдіршіндер ауруды көп жұқтырған.

«Стационарда 32 адам жатыр. Оның ішінде 23-і бала. Балалардың екеуі ғана екпе алған. Амбулаторлық емдеуде 37 пациент бар, оның 15-і бала. 5 науқаста қызылша расталды», – дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны өсіп барады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x