Петропавлда жылу тарифі қымбаттауы мүмкін

Петропавлда жылу бағасы тағы өсуі мүмкін. «Севказэнерго» АҚ жылу энергиясын өндіру тарифін 6,5%-ға арттыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне «Севказэнерго» АҚ-нан 2024 жылға жылу энергиясын өндіру тарифін өзгерту туралы өтініш түсті. Монополист компания көмірді сатып алу құнының өсуін алға тартып отыр. Сондай-ақ олар тариф көтерілсе жұмысшылардың еңбекақысын да арттырмақ.  

«Субъектінің ұсынылған жобасы ҚҚС-сыз 4323,56 теңге/Гкал құрады немесе 2023 жылға бекітілген тарифпен (3344,51) салыстырғанда 29,3%-ға және 2024 жылғы қолданыстағы тарифпен (4059,9 теңге/Гкал) салыстырғанда 6,5%-ға өзгереді. Қазіргі уақытта өтініш департаментте қаралуда», – деп мәлімдеді табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінде.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 2024 жылдың алғашқы 8 күнінде 13 адам қызылша жұқтырған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x