Жерлесіміз Ризабек Айтмұханға ақтөбелік кәсіпкерлер бір үйір жылқы сыйлады

Еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы, жерлесіміз Ризабек Айтмұханға Ақтөбеде құрмет көрсетілді. Спортшыға ақтөбелік кәсіпкерлер бір үйір жылқы сыйлады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Бұл туралы wrestling_team.kazakhstan ресми әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

«Жылқы қазақтың рухы екені баршаға мәлім. Ата-баба салтын берік ұстанатын Ақтөбе облысының жылқышылар одағы, Марат, Ринат Жанғозиндар мен осы өңірдің бірнеше бетке ұстар азаматтары «тақымыңнан тұлпар кетпесін» деп, еркін күрестен еліміздің тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы атады. Сондай-ақ арнайы тапсырыспен АҚШ-тан, қолдан жасатылған ер-тоқымды тарту етті», — деп жазған.

Сондай-ақ әлем чемпионы Ақтөбеге барған кезде облыс әкімі мен бірқатар лауазымды тұлғалардың қабылдауында болып, ақ-тілек, батасын алған.

Естеріңізге сала кетейік, күрес жанашыры Марат Жанғозин бұған дейін де Белград (Сербия) төрінде еркін күрес балуандарына ақ дастарқан жайып, Азамат Дәулетбеков пен Ризабек Айтмұханға қомақты қаржы табыстаған болатын.

Тағы оқыңыз:Жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x