СҚО-да баспанаға мұқтаж 1360 жетім бала белгісіз себептермен тізімнен шығып қалған. Ал тұрғын үй кезегінде тұрмағандар қоныс тойын тойлаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің мәлімдеуінше, тұрғын үй комиссиясының мұқтаждар арасында пәтерлерді бөлу процесі заң талаптарына сәйкес келмейді.  Баспананы беру тәртібі де бұзылған. Сондай-ақ, Петропавл қалалық әкімдігінің балансында тұрған, заңсыз жалға берілген 1500 жуық бақылаусыз пәтер анықталыпты.

«Жетім балалар санаты бойынша кезекте тұрған 1360 азамат тізімнен алынып тасталған. Ал тұрғын үй кезегінде тұрмаған адамдарға пәтер берудің 70 фактісі тіркелді. Біздің ұсынысымыз бойынша жалға берілетін пәтерлерді, ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтары (батыр аналар, жетім балалар, көп балалы отбасылар) арасында әділ және заңды бөлу басталды», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x