Зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына арналған бірыңғай байланыс іске қосылды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына арналған біріңғай байланыс орталығы іске қосылды. 16 қазаннан бастап 111 номеріне хабарласа отыра, зорлық зомбылық жайында хабарлауға болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Байланыс орталығына тәулік бойы хабарласуға болады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін.Қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады.Көмек көрсетуге білікті психологтар мен заңгерлер тартылды.Сондай-ақ әрбір жағдай бойынша операторлар «дәл осы сәтте» қағидатын басшылыққа ала отырып, жекелеген мәселе бойынша кешенді көмек көрсететін болады. Барлық қажетті мемлекеттік орган мен қызметті міндетті кері байланыс тәсілін қолдана отырып, бір мезгілде қосу көзделген.Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және тағы басқа нөмірлердің қатарына енгізіледі.

«Аталған шаралар азаматтар, әсіресе әйелдер мен балалар үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Байланыс орталығы мемлекеттің уақытылы көмек көрсетуінің тиімді құралына айналады, сондай-ақ өңірлер бойынша аса өткір проблемаларға мониторинг жасау үшін деректер көзі болмақ», — деді премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x