Жолдау – 2023: «Жайлы мектеп» аясында 400-ге жуық мектеп салынады

«Жайлы мектеп» жобасы аясында елімізде 400-ге жуық білім ордасы салынады. Оның төртеуі біздің өңірде бой көтермек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім  саласына арнайы тоқталды. Айтуынша, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өскен. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жыл санап мектептер саны артып келеді. Үш кезеңмен оқитын оқу ордалары азайған. «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынды. Білімді ұрпақ  тәрбиелеу – алдымызға қойылған басты міндеттердің бірі. Сондықтан қазіргі таңда шағын мектептердегі білім сапасын көтеру қажет. Бұл ретте цифрлық технологияларды қолданудың маңызы зор. Бүгіндері Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебі арнайы жоба әзірлеп, осындай оқу орындарымен жұмыс жасап жатыр.

«Біз оқу-ағарту министірлігімен бірге жаңа жоба жасадық. Шағын қамтылған мектептерге онлайн платформаларды, заманауи технологияларды енгізіп, сол жердегі білім сапасын көтеріп жатырмыз. Яғни, оқу ордасында жетіспеген мұғалімдер болса, басқа мектептің ұстаздарын тартамыз. Олар онлайн платформа арқылы оқушыларға сабақ береді», – дейді Петропавлдағы химия-биология бағытындағы НЗМ директоры Данияр Уәлиев.

Тағы оқыңыз: «Қазақстан халқына» қоры есебінен елімізде 20 бала шетелде емделді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x