Бүгін Петропавлдағы емханалардың бірінде 3 жастағы қыз жоғалып кетті. Абырой болғанда, көп ұзамай бүлдіршін табылып, жақындарына табысталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кішкентай қыздың жоғалып кеткені туралы хабар таңғы сағат 9-дар шамасында түскен. Емханаға барған бүлдіршінді дәрігердің қабылдауына кірген әжесі дәлізде қалдырып, тыныш отырсын деп қолына телефон ұстатып кеткен. Алайда, бөлмеден шыққанда немересін таппай қалған. СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер дереу іздеу жұмыстарына кіріскен. Көп ұзамай емдеу мекемесінің маңындағы аулалардың бірінде тәртіп сақшылары баланың жылаған дауысын естиді. Әбден қорқып қалған бүлдіршін көпқабатты үйлердің бірінің 4-ші қабатынан табылды. Кейін мамандар оны тездетіп әжесіне табыстады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда пара алған ветинспектор 5 млн 200 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x