Жазғы демалыс: Жамбылдық 24 оқушыға жолдама берілді

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасына сәйкес, 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Осыған орай, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде «Жаздық жолдама 2024» – жобасын бастады. Шарадан Жамбыл ауданы да тыс қалмады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қайырымдылық күні аясында Жамбыл ауданындағы Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектепте «Жақсылық жасауға асығайық!» атты салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Азамат Бектасов та қатысып, барша жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Құрметті ұстаздар қауымы, оқушылар, сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Бұл – қазақтың ұлттық мейрамы. Достық, бірлік пен қайырымдылыққа шақыратын ерекше мереке. Тіршіліктің жаңарып, күн мен түннің теңесетін кезі. Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт – береке, мол бақыт әкелсін», – деді Жамбыл ауданының әкімі.

Кейін Азамат Бектасов мектеп директорына «Қазақстан халқына» қорының атынан зияткерлік және шығармашылық дамуымен жазғы демалысқа арналған сертификат табыс етті. Сөйтіп, жазда  Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектептің он оқушысы демалысқа аттанбақ. Бұдан бөлек, аудандағы тағы жеті білім ордасында осындай шара өтіп, жолдамалар өз иелерін тапты.

Жазғы демалыс: Жамбылдық 24 оқушыға жолдама берілді
Жазғы демалыс: Жамбылдық 24 оқушыға жолдама берілді

2023 жылы 20 мыңға жуық қазақстандық оқушы «Жаздық жолдама» жобасына қатысып, 26 жазғы лагерьде 2 апталық демалыс өткізген.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған қайырымдылық шарасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.

«Біздің серіктестеріміз ҚР Білім министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар болады, олармен бірлесіп қауіпсіздік жөніндегі жоғары талаптарға сәйкес жазғы лагерлерді мұқият іріктеу, сондай-ақ оқушыларды ашық және әділ іріктеу жүргізіледі. Сондықтан біз жарқын мереке – Наурыз қарсаңында жолдамаларды өзіміз бөлуіміз кездейсоқ емес. «Наурызнаманың» салтанатты іс-шаралары аясында біз әр аудан мен мектеп бойынша демалыс сертификаттарын табыстауды жөн көрдік. Мұндай іс – шаралар өскелең ұрпақ үшін Наурыз мейрамының құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ қайырымдылық идеяларын насихаттауға ықпал етеді деп санаймыз», – деп атап өтті басқарма төрағасының орынбасары Лаззат Шыңғысбаева.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Айбын» әскери-патриоттық ойынының жеңімпазы анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x