Петропавлда «Айбын-2024» әскери-патриоттық жиынының қорытындысы шықты. Ғ.Мүсірепов ауданының оқушылары үздік атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әскери жиын жыл сайын ұйымдастырылады. Оған 14 пен 17 жас аралығындағы мектеп-колледж оқушылары қатысады. Биыл да барлық аудан мен қаладағы білім ордаларының құрамалары қатысып, әскери қимылдардан өз біліктіліктері мен білімдерін көрсетті.

Петропавлда «Айбын» әскери-патриоттық ойынының жеңімпазы анықталды

«Маған спортпен шұғылданған ұнайды. Сайыстар мен үшін жеңіл болды. Қызықты. Жалпы мектеп өміріне белсенді араласамын. Колледжге оқуға барсам деген ой бар. Сол жерде де осындай сайыстарға қатысқым келеді. Бірақ болашақта әскери қызметке барамын деп ойламаймын», – деп өз ойымен бөлісті Яна Алеева.

Айбын сайысының жеңімпаздары кубоктармен марапатталды. Енді олардың қатарынан өңір құрамасы жасақталады. Олар маусым айында Алматыда өтетін халықаралық жиында бақтарын сынайтын болады.

Тағы оқыңыз:Петропавлда республикалық ақындар айтысы өтеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x