Ұлыстың Ұлы күніне орай 17 наурыз күні Петропавлда «Ұлы күні Ұлыстың, Басы болсын ырыстың» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Оған от ауызды, орақ тілді 14 ақын қатыспақ, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.

Киелі Қызылжар өңірінде республикалық ақындар айтысы осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Дүбірлі додаға Мақсат Ақанов, Мейірбек Сұлтанхан, Төлеген Жаманов, Нұрлан Есенқұлов, Иранғайып Күзембаев, Қазірет Бердіхан, Бауыржан Шимерден, Айым Асылбекқызы, Ақбота Манарбекова, Нұрбол Жауынбаев, Ерлан Дәулет сынды елімізге танымал айтыскерлер қатысады. Ал Солтүстік Қазақстан облысының намысын Жарқын Жұпархан, Жұмабек Рахимов, Қабдолла Бейісхан қорғайтын болады.

«Қазылар алқасына Отан орденінің иегері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман төрағалық етеді. Және басқа да мықты танымал тұлғаларымыз айтыскерлеріміздің өнерін бағалайтын болады. Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтәй жүргізеді. Жалпы жеті жұп айтысатын болады. Мықты деген үш жұп қана финалға шығады. Сөзі мен ойы қабысқан ең жүйрік ақынға СҚО әкімдігінің және AMANAT  партиясының дайындап отырған арнайы қомақты сыйақылары бар», – деді Ерік Асқаров атындағы ақындар орталығының директоры Жарқын Жұпархан.

Айта кетейік, республикалық ақындар айтысы 17 наурыз күні сағат 11:00-де С. Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрының жаңа ғимаратында өтеді.

Тағы оқыңыз:СҚО-да шенеуніктер жалдамалы пәтерлердің келімшартын уақытылы жасамағандықтан бюджетке 4 млн теңгеге жуық шығын келтірілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x