Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында жарты ғасырдан бері өмірдің қуанышы мен қиындығын бірге бөлісіп келе жатқан Дүйсенбай мен Күлзира Макашева сайлау учаскесіне қол ұстасып келіп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Qazaqstan Media.

Елу жыл – бір отбасының ғана емес, тұтас бір ғұмырдың тарихы. Осы уақыт ішінде ерлі-зайыптылар бір шаңырақтың астында талай белесті бірге еңсерді. Қуанышты сәттерді де, өмірдің сын сағаттарын да қатар өткерді. Жылдар өте келе өзара сыйластық пен түсіністік олардың отбасының берік негізіне айналды.

Бүгін де Макашевтер әулеті үшін маңызды сәттердің бірі болды. Ел өміріндегі қоғамдық-саяси науқаннан шет қалмаған ерлі-зайыптылар сайлау учаскесіне бірге келді. 

Жарты ғасыр бұрын тағдырларын тоғыстырған қос жанның бүгін де маңызды шешім қабылдайтын күні қатар жүруі сайлау учаскесіндегі әсерлі көріністердің біріне айналды. Олар отбасылық өмірде ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілікте де бірліктің үлгісін көрсетті.

50 жылдық отбасылық ғұмыр – жай ғана мерейтойлық меже емес. Оның артында жылдар бойғы адалдық, төзім, бір-біріне деген құрмет пен ортақ жауапкершілік жатыр. Осындай құндылықтарды сақтап келе жатқан Макашевтер отбасының сайлауға бірге қатысуы да кейінгі буынға өнеге боларлық сәт болды.

Бір шаңырақ астында жарты ғасыр бірге ғұмыр кешкен Дүйсенбай ата мен Күлзира апа бүгін де қатар тұрып, ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасады. 50 жыл бірге, бүгін де таңдау бірге.

Тағы оқыңыз: Ақбұлақ тұрғындары сайлауға ерекше сәнмен келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *