Жамбыл ауданында жыл басталғалы екі прокурор ауысты

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Руслан Мырзасов Жамбыл ауданының прокуроры болып тағайындалды. Ол прокуратура органдарында 14 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Руслан Мырзасов еңбек жолын 2009 жылы Тайынша ауданы прокурорының міндетін атқарушы болып бастаған. Әр жылдары Тайынша ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, облыс прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Петропавл қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі іс жүргізудің және ЖІҚ заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылжар ауданы прокурорының орынбасары лауазымында болған.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.

Айта кетейік, Руслан Мырзасов жыл басталғалы Жамбыл ауданына тағайындалып отырған осымен екінші прокурор. Ақпан айының басында ғана бұл қызметке Асылбек Қатренов келген болатын. Ол бұл қызметте екі ай ғана жұмыс істеп үлгерді.

Тағы оқыңыз:Есіл ауданында төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x