Жүк пойызымен шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдік ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысынан Ресейге заңсыз өтпек болған шетел азаматын ұстады. Ол жүк пойызы вагонының үстінде жасырынған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ресей Федерациясына заңсыз өткісі келген адам 17 мамыр күні ұсталды. Оны ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Булаев» (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды анықтаған. Жүк пойызына жасырынған азамат ҚР ӘҚБ Кодексінің 514-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бір жылда өндірістік жарақат алған 8 адам көз жұмды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x