СҚО-да заңсыз бизнесті қолдап, пара алған полиция қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 10 мамырда Петропавл қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 366-бабы, 4-тармағының 3-бөлігі бойынша Петропавл қалалық полиция басқармасының ЖПҚ бөлімшесінің бастығы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

“Полиция қызметкері сапаны растайтын тиісті құжаттары жоқ, акцизделетін өнімді заңсыз сатушыларға қамқоршылық көрсеткен. Сол үшін ол жалпы құны 500 мың теңгеден асатын сомада бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Осылайша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен мың блок темекі және 5 мың литр күмәнді алкоголь өнімінің заңсыз сатылымы тоқтатылды”, – деп жариялады баспасөз қызметінің өкілдері.

Полицей арнаулы атағынан айырылды. Енді ол мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда жұмыс істей алмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x