Уәлиханов, Мамлют және Тайынша аудандары өңірді артқа тартып отыр – Нұрмұханбетов

СҚО-да жыл соңына дейін 300 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілуі керек. Алайда өткен 10 айда Мамлют, Уалиханов және Тайынша аудандарында жоспар орындалмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл қаңтар-қазан айларында жалпы ауданы 152,2 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Олардың 50 пайызы Петропавл қаласына тиесілі. Ал Мамлют, Уалиханов пен Тайынша аудандарында тұрғын үй беру жоспары орындалмаған. 

  • «Құрылыс басқармасы және Петропавл қаласының әкімі жыл соңына дейін жоспарланған барлық тұрғын үйлерді қолданысқа береміз деп отыр. Алайда, белгіленген жоспарды Мамлют ауданы – 66 пайызға, Уәлиханов – 15, Тайынша – 13 пайызға орындамаған. Неге басқа аудандар осы 3-еуі үшін жұмыс істеуі керек. Олар тұрғын үйлерді уақытылы қолданысқа бермегені үшін, барлық облыстың көрсеткішін төмендетіп отыр», – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Өңірде құрылыс саласында орындалған жұмыс көлемі 21,9% – ға ұлғайған. Алайда көрсеткішті артқа тартып отырғандар да бар.

«Құрылыс жұмыстары Аққайың ауданында – 64 пайызға, Ғ.Мүсіреповте – 25 пайызға және Айыртауда – 17 пайызға төмендеп кеткен. Айыртау ауданында қазан айында құрылыс жұмыстары 680 млн теңгеге, Ғ. Мүсірепов ауданында 183 млн теңгеге ғана орындалған. Ал Аққайың ауданында динамика тіптен нөлге тең. Мұндай жағдай аудан әкімдерінің жұмысқа салғырт қарауынан деп білемін», – деді облыс әкімі.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x