Уәлихандық ардагерлерге құрмет көрсетілді

Уәлиханов ауданының ардагерлер кеңесі «Мен еңбегіммен мақтанамын» атты іс-шара өткізді. Оның аясында талай жыл еңбек еткен, елге беделді қарттарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Іс-шара облыстық ардагерлер кеңесінің «Шын жүректен» «От всей души» жобасы аясында ұйымдастырылды. Басты мақсат-түрлі салада абыройлы еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейетін көріп отырған аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың жүріп өткен жолын жастарға үлгі ету. Жиынға ауданға танымал ардагер-ұстаз, спортшы Қалиев Сансызбай Мұхамедрақымұлы, құрметтi байланысшысы Сарыбаев Төлеген Тасымұлы, жеке кәсіпкер Құрмантаева Күмісжан Егімбайқызы, құрметтi электрик Жауаров Орынбасар Жүнісұлы, хореограф, мәдениет қызметкері Иманхан Қуанған қатысты.

«Ең алдымен, біз еңбек адамдарына құрмет көрсетуіміз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамының мәртебесін көтеру туралы ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде айтты. Адал еңбек етіп, айналадығыларға сыйлы болудың маңызы зор. Барлық уақытта солай болды және солай бола береді. Кім адал жұмыс істесе, сол құрметке лайық болады», – деді жиында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Қорқытов.

Жиынға қонақ болып келген әр зейнеткердің өмірі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Олар адал еңбек, маңдай терімен аудан, облыс және тұтас ел дамуына үлес қосқан. Сондықтан құрмет пен қошемет көптік етпейді. Іс-шарада сала ардагерлеріне Уәлиханов аудандық ардагерлер ұйымының алғыс хаттары табысталды. Және әр қарияға өзі қызмет еткен саланың басшылары арнайы сыйлықтарын берді. Отырыс концертке ұласты. Мың бұралған бишілер мен әншілер еңбек ардагерлерінің көңіл-күйін көтерді.


Кейін аға буын өкілдері ақ дастархан басында әңгіме-дүкен құрып, жастық шақтарын еске алды. Өмірдегі, еңбектегі тәжірибелерімен бөлісті.

Тағы оқыңыз: Алдағы екі күнде СҚО-да боран, көктайғақ болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x