Қазақстанда түнгі уақытта көлік пен мотоциклдің қатты дыбысымен тұрғындардың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатысты шаралар күшейтіледі. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мұндай құқық бұзушылық үшін айыппұлмен шектелмей, қамауға алу шарасын қолдану қажеттігін айтты, деп жазады Qazaqstan Media. 

Жол қауіпсіздігі мәселесі қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен қатты шу шығаратын автомобильдер мен мотоциклдерге қатысты қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.

«Ержан Сапарбекұлы, қатты шуылдайтын мото және авто көлік мәселесін неше рет өзіңізбен бірге талқыладық. Оларға өте қатаң шаралар қабылдау қажет. Әйтпесе түннің ортасында адамдардың мазасын алып, ұйқы бермей жатыр», — деді Олжас Бектенов

Ішкі істер министрінің айтуынша, полиция мұндай құқық бұзушылықтарды тәулік бойы анықтайды. Оған бейнебақылау камералары мен басқа да цифрлық құралдар көмектеседі. Сондай-ақ тұрғындар шу шығаратын көліктер туралы 102 нөміріне хабарлай алады.

Жыл басынан бері республикада осындай 782 дерек тіркелген. Құқық бұзушылардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 55 адам қамауға алынған. Көліктер мен мотоциклдер айыптұраққа қойылады. Ержан Сәденов бұл бағыттағы жұмыстың күшейтілетінін мәлімдеді. Ал Премьер-министр айыппұлдан гөрі қатаң шара қолдану қажеттігін атап өтті.

«Айыппұл салмай, қамау керек», — деді Олжас Бектенов.

Тағы оқыңыз: Үш солтүстікқазақстандық Халық Кеңесінің құрамына енді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *