«Туған жер» би ансамблі қазақтың мәдениетін Кореяда паш етті

Жергілікті «Туған жер» би ансамблі Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен Халықаралық фестивальге қатысып келді. Өнер ұжымы көрермендерге қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын би арқылы жеткізген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«The 19th Busan International Dance FESTIVAL» деп аталған фестиваль Пусан қаласында маусымның 1-і мен 5-і аралығында өтті. Оған Филиппин, Франция, Канада, Тайвань, Марокко және Алжирден келген би ұжымдары қатысты. Олардың әрқайсысы өз елдерінің мәдениетін паш етті. Теңіз жағасында өткен шарада солтүстікқазақстандық «Туған жер» ансамблі де өнерлерін ортаға салды.

«Фестивальге қатысқан ұжымдар негізінен заманауи хореография бойынша өнер көрсетті. Біз ерекшеленіп, ұлттық би биледік. Осымен көрермендердің ыстық ықыласына бөлендік. Өз тарапызға көп жылы, мақтау сөздерді естіп, қуанып қалдық. Біз әрқайсысы 15 минуттан тұратын 2 бағдарлама дайындап барған болатынбыз. Шыны керек, күннің астында, теңіз жағасында ұлттық киім киіп өнер көрсету оңайға соқпады. Десе де, дайындаған биіміз көрермендер көңілінен шықты», – дейді «Туған жер» би ансамблінің балетмейстері Самат Жұмажанов.

Жерлестеріміз өзге елдерден келген ұжымдармен тығыз байланыс орнатып, мол тәжірбие жинақтаған.

«Бұл байқау емес, жай ғана фестиваль болғандықтан бақталастық болған жоқ. Сондықтан біздер барлығымен емін-еркін араласып, тәжірбие жинақтадық. Кәрістердің хореографиясына сүйсініп, өзге елдерден келген бишілерге қарап, мықты мотивация алдық. Ой-өрісіміз кеңейіп, шабыттанып қайттық», – дейді бишілер.

Тағы оқыңыз: СҚО-да азаптап өлтірілген әйелдің денесі табылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x