[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||27px|||»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/00006.MTS_snapshot_00.01.838-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»26px||1px|9px||»]

Ұсталық – көнеден келе жатқан киелі кәсіп. Петропавл тұрғыны Владимир Торопов 2015 жылдан бастап түрлі қару-жарақ, қазақ батырларының сауыттары мен Еуропа рыцарьларының дулыға-киімдерін жасайды. Темірден түйін түйген шебермен Qazaqstan Media тілшісі әңгімелесті.

Петропавлдық Владимир Торопов өзінің шағын шеберханасында  қара темірді қамырша илеп, болат балқытады. Шебер сауыт-сайман, қылыштың түр түрін, қазақ және Еуропа батырларының сауыттары мен қаруларын жасайды.

«Елімізде бұл іспен айналысатындар  саусақпен санарлықтай. Бұл іс шыдамдылық пен асқан жауапкершілікті қажет етеді. Сол себепті екінің бірі жасай бермейді», – дейді Владимир Торопов.

Бұл іспен Владимир 7-8 жыл бұрын шұғылдана бастаған. Алғашында хобби ретінде қараса, қазір  кәсіби түрде айналысады.  Ортағасырлық жауынгердің сауыт-саймандарын жасау үшін шебер 1 айға жуық уақытын жұмсайды. Ол сауыттың шығу тарихын, жасалу технолгиясын терең зерттеп бірақ іске кіріседі екен. 

«Тарихта алғашқы темір сауыттар Х-ХІ ғасырларда Еуропада жасалғандығы айтылады. Археологиялық қазбалар кезінде табылған кейбір деректер, шамамен біздің дәуіріміздің ІІІ-ІҮ ғасырында Алтай тауларында авар тайпалары жасап шығарғанын дәлелдейді. Сауыттардың түрлері өте көп. Біздің ата-бабаларымыздың әрқайсысы өзіне қажет сауытты өздері жасап алатындай шеберлігі болған», – дейді Владимир Торопов.

Шебер темірден түрлі бұйым жасап қана қоймай, жауынгерлік спорт түрінен өтетін турнирлерге де қатысады. Сондай-ақ, Владимир Торопов семсерлесу спортына  баулитын  клубқа жетекшілік етеді. Ол 9 жыл бұрын ересектерге арнап семсерлесу секциясын ашқан. Ал 2019 жылы балалар да қатыса бастапты. Шебердің алға қойған жоспарлары көп. Ол келешекте шәкірттерінің санын көбейтуді көздейді.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/00000.MTS_snapshot_00.01.486.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x