[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/12647263-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Петропавлда жеке тұрғын үйлердің бірі отқа оранды. Баспанадан 8 газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ақпанның 9-ы күні таңғы 9-дар шамасында «101» нөміріне Петропавлдағы Заречный кентіндегі үйлердің бірінен өрт шыққандығы туралы хабар келіп түседі.  Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер баспанадан 8 газ баллонын алып шыққан. Отты ауыздықтауға үйлердің бір-біріне тым жақын орналасқандығы кедергі келтірген.

«Қызыл жалын 120 шаршы метр аумаққа таралған. Нәтижесінде,  бір тұрғын үй мен қора жартылай, ал тағы бір қора толығымен жанып кеткен. Оттың өзге баспаналарды шарпуына жол берілмеді» деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Оттың қандай шығын әкелгендігі және неден шыққандығы әлі зерттеліп жатыр.

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x