Танымал лотерея дүңгіршектері бүкіл Қазақстан бойынша жұмысын тоқтатты

Ақпан айынан бастап елімізде электрондық лездік лотерея дүңгіршіктері уақытша жабылды. Ол тұрғындар мен мемлекеттік органдардан келіп түскен шағымдарға байланысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі лотерея операторы — «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ға лотерея клубтарының жұмысын және электрондық лездік лотереяны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдар жолдаған болатын. Себебі соңғы уақытта министрлікке азаматтар тарапынан шағым көп түскен. Сондықтан, 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап оператор республиканың барлық аумағында lotomatic терминал-дүңгіршектері арқылы электрондық лездік лотереяның таралуын уақытша тоқтатты.

Алайда, кейбір жерлерде lotomatic-тің ресми «сары-көк» терминалдарына ұқсайтын жалған құрылғылар жұмыс істей беруі ықтимал.

«Осыған байланысты қазақстандықтардан қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ министрліктің telegram чат-ботына (https://t.me/stop_online_casino_bot) және WhatsApp (+7 707 907 15 07) хабарлауды сұраймыз. Lotomatic дүңгіршектерінің немесе заңсыз лотерея терминалдары жұмысының барлық фактілері туралы хабарлауға болады», – деп жазды жауапты министрлік.

Тағы оқыңыз: Петропавлда шатырын қардан тазаламағандарға айыппұл салынады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x