Тамыздың біріне дейін құжат тапсыру қажет - Оқу-ағарту министрлігі

Елімізде 1- сыныпқа құжат қабылдау тамыздың бірінде аяқталады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті ескертті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталды. Төрт айда 350 453 өтініш түскен. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндердің 71,2%-ы қазақ тілінде оқытатын білім ордаларын таңдаған. Жалпы, жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 410 мыңнан астам бала барады деп жоспарлануда.

Елімізде балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған. Сондықтан өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады.

1-сыныпқа балалар алты жастан бастап ата-анасының не білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, көлемі 3х4 екі дана фотосурет керек.

Тағы оқыңыз: Тайыншалық диқандар тамшылатып суару әдісін қолдануда

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x