Тайынша ауданындағы “Тан” шаруа қожалығы биыл 100 га жерге себілген картопты тамшылатып суару әдісі арқылы өсіруде. Фермерлер бұл істі былтыр қолға алған екен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тайыншалық Юрий Красноголовый мал және өсімдік шаруашылығын дамытып жүрген жандардың бірі. «Зеленые луга» ЖШС мен «Тан» шаруа қожалығына жетекшілік ететін  ол өткен жылы тамшылатып суару әдісін қолдана бастаған. Былтыр қожалық 30 га жерге егілген картопты осы жолмен өсірген. Тәжірибе жаққан көрінеді, нәтиже көңілден шығыпты. Сол үшін биыл шаруашылық суаратын егістік  көлемін 70 гектарға ұлғайтқан. Жалпы, бұл әдіс суды өсімдіктің тамырына дәл әрі біркелкі жеткізу мақсатында қолданылады. Тағы бір артықшылығы – суды үнемдеуге септеседі.

«Алайда, әдісті қолданудың да өзіндік қиындықтары бар. Маңайымызда өзен-көлдер жоқ. Сол себепті, суды ұңғымадан аламыз. Оның үстіне, биыл аптап ыстықтар көп болды. Су тез сіңіп кете беретіндіктен, 2 есе суару қажет. Жалпы, суару ұзақтығы 6-7 сағатты құрайды», – дейді «Зеленые луга» ЖШС және «Тан» ШҚ директоры Юрий Красноголовый.

Тамшылатып суару арқылы тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды да өсімдік тамырына жіберуге болады екен.

«Соңғы уақытта климат өзгеріп келеді. Алдын ала қамданып, бәріне дайын отыру керек. Шаруашылықта жаңа әдістерді қолданып отырған да дұрыс. Айта кетсем, 1 гектар жерге 250 мың литр су кетеді. Жүгеріге жаңбырлатып суару әдісін қолданудамыз», – дейді Юрий Красноголовый.

Диқан жаңа суару әдістерінің арқасына гектарына 40-50 тонна өнім алуға болады деген үмітте. Ал үйреншікті әдістермен 30-35 тонна өнім жиналады екен.

Тағы оқыңыз: Облыста Абылай ханның серігі Жанатай батырдың күміспен апталған белбеуі сақталған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x