Талапкерлерге ҰБТ уақыты туралы еске салатын SMS жіберіледі

Елімізде ҰБТ-ға тіркелген талапкерлер тестілеудің күні, уақыты мен орнын еске салатын SMS-хабарламалар алатын болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ведомство ақпаратынша, ҰБТ-ға тіркелген әрбір талапкерге app.testcenter.kz ресми сайтына тіркелу кезінде көрсетілген телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ мұндай хабарламалар кәмелетке толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне де жолданады.

«ҰБТ тапсырушылар тестілеу өткізілетін күнді, уақытты және орынды ұмытып кетуі немесе шатастырып алуы мүмкін. Әсіресе, тіркелу барысында бірнеше рет өзгерту енгізетін талапкерлер арасында осындай жағдайлар кездеседі. Бұл ретте тестілеуге қатысу үшін өтініш берген кезде талапкерлер өздері үшін қолайлы тест өткізу параметрлерін таңдауға мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн. Бірде-бір талапкер маңызды емтиханды жіберіп алмауы үшін Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ өткізілетін күннен бір күн бұрын әрбір тестіленушінің нөміріне SMS-хабарлама жібереді», – деді ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 1 ақпаннан бастап жарық бағасы қымбаттайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x