Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік

2024 жылғы 18 қаңтарда СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы бойынша іс-шаралар өтті, деп хабалайды Qazaqstan Media тілшісі.  

Жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Төлеген Төрегелдин және облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары, ардагерлер кеңесі филиалының басшысы және мүшелері  қатысты. Жобаның мақсаты- белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес субъектілерін және квазимемлекеттік секторларды, сондай-ақ өзге де ұйымдарды еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту.

Бұл жұмысқа Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының ардагерлерін тарту жоспарда бар.   Сондай-ақ өз халқы мен елінің болашағы үшін алаңдайтын кез келген адам қосыла алады.

«Жоба аясында барлығы төрт бағыт анықталды – «қоғамдық бақылау», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру», «Pro bono волонтерлік» (кәсіби көмек көрсету) және «корпоративтік волонтерлік». Бағытты таңдау кезінде еріктілер өздерінің мүдделері мен олар жүзеге асыратын қызмет түріне сүйенеді. Жоба волонтерлерінің құқықтары мен міндеттері «волонтерлік қызмет туралы» Заңға сәйкес белгіленеді. Сыбайлас  жемқорлық, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою бойынша жұмыс істейтін болады» делінген  СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің хабарламасында.

Жобаның орындалуы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Ж. Жұмағалидің тұрақты бақылауында.

Тағы оқыңыз: Талапкерлерге ҰБТ уақыты туралы еске салатын SMS жіберіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x