Тілсіз жау тағы бір адамның өмірін қиды. Уәлиханов ауданында жеке тұрғын үйден өрт шығып, әйел қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жайсыз жайт Кішкенекөл ауылында орын алды. Жеке тұрғын үйден өрт шығып, 1962 жылғы әйел қаза тапты. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Оқиға орнына жеке құрамның сегіз қызметкері мен екі техника дер кезінде барды. Өрт бірден ауыздықталды. Алдын ала себебі — жылыту пешін дұрыс пайдаланбау», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жыл басынан облыста өрттен бес адам қаза тапқан болатын. Қайғылы оқиғалар Қызылжар және Мағжан Жұмабаев аудандарында тіркелді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл жеті мәдениет нысаны жөндеу көреді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *