М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ін 30 жыл бұрын бітірген түлектер бүгін білім ордасына келіп, ұстаздарымен жолықты. Осынау маңызды күні олар естелік ретінде география және экология кафедрасына дүниежүзінің саяси картасын сыйлады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

1988 жылы Солтүстік Қазақстандағы университеттің география және биология кафедрасына 100 мектеп түлегі оқуға түскен. 93-те соның 45-і ғана диплом алып шыққан. Университетті 30 жыл бұрын аяқтаған түлектердің сөзінше, ол кезде студенттерге деген талап жоғары болған.

«Мен осы университетті бітіргеннен кейін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне жұмысқа тұрдым. Содан бері 30 жыл өтті. Қазір ректордың кеңесшісімін. Өзім экологпын, биология ғылымының кандидаты, философия ғылымдарының докторымын. Генетика саласы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргіземін», – дейді университет түлегі Әнуарбек Какабаев.

Университетте сабақ берген педагогтердің білімі түлектер үшін өмірлік азық болған. Тіпті, содан бері 30 жыл өтсе де, ұстаздарының айтқаны әлі күнге дейін естерінде қалған.

«Бізге Светлана Генадьевна деген оқытушы геологиядан сабақ берді. Тақырыптар мен хронологиялар әлі есімде. Қазір соны студенттерге өзіміз айтып жүрген жайымыз бар», – деді Әнуарбек Аязбайұлы.

Араға 30 жыл салып география, биология бағыты бойынша білім алған азаматтар бүгін университет қабырғасында жиналып отыр. Кездесуге ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев қатысты. Сонымен қатар, топқа жетекшілік еткен Мукарам Тайжанова да келіп отыр. Ол аспирантураны бітіргеннен кейін университетке орналасып, осы топқа сабақ берген.

«Топтың барлық студенттері өмірден өз орнын тапқан, білікті мамандар. Жалпы, бұл азаматтар білімдерімен ерекше көзге түсетін. Оқу десе барлығы ішер асын жерге қоятын еді. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Түлектер спорттан да құр алақан емес. Бүгін студенттерімді көргеніме өте қуаныштымын», – дейді Мукарам Тайжанова.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық балықшылар балық аулаудан жарысты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x