балықшылар

Қазақстанда шілде айының екінші жексенбісінде балықшылар күні аталып өтеді. Осыған орай Пестрое көлінің жағасында балық аулаудан жарыс өтті. Оған 30-ға жуық балықшы қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Балық аулаудан жарыс таңғы 6-да басталды. Бірі олжалы болып жатса, енді бірінің қармағына ештеңе түспеген. Жарысты төреші Вячеслав Смирнов бақылады. Зейнеткердің бұл саладағы еңбек өтілі  – 65 жыл.

балықшылар

«Жарысқа әр жеке кәсіпкерліктен 2-3 балықшы қатысып жатыр. Олар 2 сағат бойы балық аулады. Балықтардың салмағын өлшеп тізімге енгіздік. Енді жеңімпаздар анықталады», – дейді жарыс төрешісі Вячеслав Смирнов.

Іс-шара спорттық бағдарламамен өз жалғасын тапты. Балықшылар волейбол, дойбыдан жарысқа түсті. Петрое көлінің жағасына келгендер балықтар көрмесін тамашалап, балық сорпасынан дәм татты.

Тағы оқыңыз: Аққайың ауданында жетімдерге баспана берілді

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x