Солтүстік Қазақстан облысында үскірік аяздың соңы көктайғақ пен боранға ұласты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірдің кей аудандарында екпінді жел болса, енді бірінде ақ түтек боран. Ал облыс орталығында түнде жаңбыр болса, күндіз көктайғақ. Оған қоса, қатты жел. Сондықтан мектеп оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды.
Әлеуметтік желілерде тұрғындар даладағы түрлі оқиғалармен бөлісуде. Мысалы, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы орталық алаңда орнатылған шырша екпінді желдің салдарынан бір жаққа қисайып қалған.


Ал Петропавлда тұрғындар көктайғақтан зардап шегіп жатыр. Демалыс күндері 87 адам жарақат бөліміне хабарласса, кешегі күні 46 азамат дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Тағы оқыңыз: 2024 жылдан бастап автогаздың бағасы СҚО-да 81 теңге болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x