[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-22-at-17.23.44-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Бүгінгі күні облыстың емдеу мекемелерінде 236 маман жетіспейді. Соның 157-сі дәрігер болса, 79-ы орташа медицина қызметкері, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кадр тапшылығы, қондырғыларды жаңарту, ауруханаларда жөндеу жұмыстарын жүргізу. Денсаулық сақтау саласындағы осы және өзге де өзекті мәселелер өңір жетекшісінің орынбасары Дәурен Жандарбектің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Бүгінгі күні облыстың 29 мемлекеттік емдеу мекемесінде 5699 маман еңбек етуде. Соның 1248-і ғана дәрігер. Қалғаны орташа медицина қызметкері. Қазір өңірде 236 дәрігер тапшы. Соңғы бірнеше жылда бұл өткір проблеманы шешу үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Мәселен, 2022-ші жылы облысымызға 280 дәрігер келді. Оның 74-і жас маман. Мұнымен қоса жергілікті бюджет есебінен 60 маманды оқытуға қаржы бөлінді. Осылайша 46 резидентпен келісімшарт жасалды.

«Жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ауылды жерлерде еңбек ететін дәрігерлерге 2,5 млн, қалаға келетіндерге 1,5 млн теңге көтерме жәрдемақы төленеді. Осылайша, өткен жылы 126 маманға көмек көрсетілді. Оған 232 млн теңге жұмсалды. Биылдан бастап төленетін қаржы көлемі ұлғайтылды. Яғни, елді-мекендерге баратын ақ халаттыларға 3,5 млн және облыс орталығына келетін дәрігерлерге 2,5 млн теңге төленеді. Бұл бағытта жұмыстар одан әрі жалғасатын болады», – дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x