Еліміз суды үнемдеу үшін күріш пен мақта өсіруді азайтады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Үкімет отырысында айтылған мәліметтер бойынша
биыл 23,8 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жоспарланып отыр. Бұл 2023 жылғыдан 209,6 мың гектарға аз. 

«Мысалы, бидайдың егістік алаңдары 13,3 миллион гектар болады деп жоспарланып отыр, бұл былтырғыдан 429,2 мың гектарға азайды. Қысқартылған алаңдарда әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдар алаңдарын ұлғайтылады.
Мәселен, облыс әкімдіктерінің жедел дерегі бойынша майлы дақылдар алаңын 385,7 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл жалпы егіс алаңын 3,2 миллион гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайту және оларды 1,2 миллион гектарға дейін жеткізу жоспарда бар»,- деді Айдарбек Сапаров.

Бұдан басқа, қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 12 мың гектарға ұлғайтылмақ. Осылайша, биыл қант қызылшасының ауданы 25 мың гектар болады.

Министр Қазақстан суды үнемдеу үшін күріш пен мақта өсіруді азайтатынын жеткізді.

«Үкімет тапсырмасын және вегетация кезеңінде фермерлерді суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемалар ескерілді. Нәтижесінде ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл былтырмен салыстырғанда мақта алқаптарының 116 мың гектардан 100 мың гектарға дейін, яғни 16 мың гектарға қысқаруы болжанып отыр. Күріш алқаптары 6,4 мың гектарға қысқарып, 93,9 мың гектар болады. Жалпы астық дақылдары, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді Айдарбек Сапаров.

Тағы оқыңыз:Онлайн-кредит алу үшін биометриялық сәйкестендіруден өту керек болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x