Облысымыздың креативті жастары үшін таптырмас мүмкіндік. Нью-Йорк киноакадемиясының Алматыдағы филиалының өкілдері Петропавлға келіп, бағдар беру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлға Голливудтан арнайы маман – Марк Мокаби келді. Құрметті қонақ – аталған білім ордасының профессоры, сценарист әрі продюсері. Нью-Йорк киноакадемиясының Алматыдағы филиалы киноөндіріс, 3D-анимация, компьютерлік әзірлеу және ойын дизайны мамандарын даярлайды. Биыл 100 мемлекеттік грант бөлініп отыр. Білім ордасының өкілдері жергілікті таланттарды өздеріне шақырады.

«Қазақстандық жастардың бойында шығармашылық қуат өте жоғары. Біздің мақсатымыз – Голливуд стандарттарын Қазақстанға әкелу. Бүгінгі шеберлік сабағында көп баланың көзінен от көрдім. Біздің академияда білім алу арқылы олар әлемдік деңгейдегі кино нарығына шыға алады. Ең бастысы – талпыныс пен ағылшын тілін білу», — деді Нью-Йорк киноакадемиясының Алматы қаласындағы филиалының профессоры Марк Мокаби.
Тағы оқыңыз: Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі 90 жасқа келген тыл ардагерін құттықтады

