Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өткен XX жазғы Азия ойындары мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады. СҚО спортшылары да сары құрлық додасынан олжалы оралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Құрлықтық додаға 46 ел қатысты. Спорттың 43 түрінен 71 бағдарлама бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Барлығы 469 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасы көш бастады. Ел спортшылары 169 алтын медаль жеңіп алған. Екінші орында – Жапония, үшінші – Корея Республикасы. Алғашқы ондыққа Үндістан, Өзбекстан, Иран және Таиланд құрамалары да енді.

«Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 84 медаль бар: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола», — деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

СҚО спортшылары да сары құрлық додасынан олжалы оралды. Өңірден ел намысын тоғыз спортшы қорғады. Азиадада жерлесіміз Алексей Луценко екі алтын еншілеп, тарихи рекорд орнатты. Спорттық жүрістен Кристина Морозова күмістен алқа тағынса, Наталья Богданова қоржынға қола медаль салды.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-abattandyrw-erezhesin-buzwdyng-125-myngnan-astam-deregi-anyqtaldy/

Поделиться:

Shares